Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазпоштада роботтар қызмет көрсететін болады

Қазпоштаға «Қуаныш» пен «Сәуле» атты роботтар жұмысқа тұрды.

 

Қазпоштаның тұңғыш Цифрлық кеңсесі Астана қаласында ашылды.

Мұнда қызметтерді әдеттегідей оператор қызметкерлер емес, гибридті банкоматтар, электрондық кассир, поштамат және VR-агент көрсетеді. Қазпоштаның болашақ кеңселерінде клиенттер пошталық және қаржылық қызметтерді өздері атқара алады. Сондай-ақ post.kz сайты қызметтерінің мұнда барлық түрін пайдалануына болады.
Атап айтқанда, ақша аударымдарын жасауға, коммуналдық төлемдерді, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеуге, авиа және теміржол билеттерін сатып алуға және т.б. қызметтерді орындауға болады.
Алдағы уақытта Қазпошта мұндай кеңселерді еліміздің бірнеше қаласында іске қосады.

 

Талқылау