"ҚазМұнайГаздың" Румыниядағы мұнай компаниясында өрт шықты
"ҚазМұнайГаз" АҚ-ның Румыниядағы еншілес компаниясы Petromidia зауытында өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Petromidia мұнай өңдеу зауыты ҚазМұнайГаздың 100 пайыз еншілес кәсіпорны "Rompetrol" компаниясына тиесілі.
"ҚазМұнайГаз" бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Бүгін Румыниядағы "Petromidia" зауытында арнайы жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін жеңіл гидрокрекинг (MHC) қондырғысында өрт шықты. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан қызметкерлер дереу ішкі құтқару қызметі мен мұнай өңдеу зауытының диспетчеріне оқиға туралы хабарлаған. Зардап шеккендер жоқ, бөлімшенің барлық қызметкерлері эвакуацияланды”, – делінген хабарламада.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар