Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" дағдарысқа байланысты жаппай қызметкерлерді қысқарта бастады

«ҚазМұнайГаз» ұйымының басқарушы аппарат қызметкерлерінің үштен бір бөлігін қысқартты. Аталмыш шешім ҚМГ директорлар кеңесінде бекітілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазмұнайгаз

Ұйымның таратқан мәліметтеріне сүйенсек:

геология, барлау және өндіріс бөліктерін біріктіру. Сәйкесінше, Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасарының қызметі қысқартылды;

басқару деңгейлерін азайту. Нәтижесінде 22 басқарушы директордың лауазымдары жойылады;

департаменттердің санын үш есе азайту туралы шешім қабылданыпты.

«Корпоративтік орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз», – деді ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.

Осылайша орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34%-ға – 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданыпты.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр