"Қазіргі жасымда жараспас еді": Мақпал Жүнісова 42 жыл бұрынғы видеосын жариялады
ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алғаш сахнаға шыққан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Өнер иесінің сахналық көйлегі де тыңдарман қауымға ұнап қалды.
“1982 жыл. Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз хабарлапты. Сейдолла Байтереков ағамыз да өмірден озып кетті. Жандары жәннатта болсын, топырақтары торқа болсын! 42 жыл бұрынғы сахнаға шыққан сәтім. Қазір мына дене бітімім болса, жараспас еді. 18 жаста едім. Қайранжастық”, – деп жазды әнші.
-
"Микрофонға әрең жеттім": Мақсат Базарбаев алғаш сахнаға шыққан кезін есіне алды
-
"18 жыл өтіпті": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың алғашқы концертіндегі фотосын көрсетті
Желі қолданушылары әншінің дене бітіміне таңдай қағып, сахналық көйлегіне жағымды пікір жаудырып жатыр.
“Керемет әншісіз”, “Жастық шағыңыз керемет өткен сияқты”, “Шынайылығыңыз үшін жақсы көреміз”, “Мерейден аумайды”, “Өте арық болыпсыз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, өнер иесі су тасқыны кезінде концерт беріп, халықтың сынына ұшыраған еді.