Қазір ешқандай айыппұл болмайды – Министр мобильді аударымдар туралы
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы мобильді аударымдарды шектеу бойынша жағдайды түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылғы наурыздан бастап "төлемдер және аударымдар туралы" заң "мобильді төлем" ұғымымен толықтырылды. Ол дегеніміз – QR-кодты қолдана отырып, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы немесе POS-терминалы арқылы қабылданатын қолма-қол ақшасыз төлем.
Министр заң қабылданып қойғандықтан, мобильді аударымдар мәселесінің мезгіл сайын әлі де көтеріліп жүргені оғаш екенін баса айтты.
"Ұялы аударымдарды жіберушілер мен алушыларға бөлеміз. Егер бұл жеке тұлғалар мен туыстар арасындағы аударымдар болса, онда оларға салық салынбайды. Ал егер оларды кәсіпкерлер пайдаланса, онда салықтар болуы керек. Жеке тұлға кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда оның осы мобильді аударымдар үшін жеке шоты болуы керек", – дейді Ерұлан Жамабаев
Оның айтуынша, аударымдардың қайсысы жеке мақсатқа, қайсысы бизнеске арналғанын ажырату үшін кәсіпкерлерге екі шот ашу ұсынылады.
"Бұны кім жүзеге асырды, соларға сұрақ болмайды. Ал ауыспағандарға 2025 жылға қарай неге шот ашпағаны туралы сұрақтар болады. Қазір айыппұл жоқ. Бірақ заңда әр кәсіпкер салық төлеуі керек екені жазылған. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпарат жинайды. "Бастапқы кезеңде мемлекеттік қызметкерлер туралы, кейін кәсіпкерлер туралы. 2025 жылы мәліметтерді көргенде сұрақ болады. Сол кезде салық төлемегендерге айыппұл саламыз", – деді Ерұлан Жамаубаев.
Қазір көкөніс сататын дүкен иелерінің QR коды жоқ. Төлемді мобильді қосымша арқылы аударуды сұрайды. Қаржы министрі бұл мәселені Мемлекеттік кірістер комитетімен бірге пысықтауға уәде берді.
"Мемлекеттік кірістер комитетімен жиналыс өткізіп, алдын алу шараларын жүргізу үшін ескерту беремін. Көптеген кәсіпкерлер мәселенің маңызын түсінбейді. Оның бәрін тексеруге баратын бізде қызметкерлер саны аз", – дейді Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге мобильді аударымдар арқылы тауар сату жауапкершілігін еске салған еді.