Қазанда атыс шығарған Галявиевтің әкесі оқиғадан кейінгі жағдайын айтты
Қазан қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің әкесі қайғылы оқиғадан кейін отбасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адам соңғы кездері баласының бойынан агрессия, ыза байқаған.
"Ашуланған кезде ары кетсе есікті қатты жауып, ызасын көрсететін. Бір жарым ай бұрын агрессия көбірек байқала бастады. Біз пәтерімізден көшіп, баламызды жалғыз қалдырған жоқпыз. Бұл жалған ақпарат. Біз басқа үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, екі үйде де тұрып жатқан едік. Сондықтан кейде ұлымыз пәтерде жалғыз қалатын", - деді ол.
“Оқиғадан кейін қатты қиналдық. Екінші ұлыма біздің адам өлтірген қанішер екенімізді айтып хат жаза бастады. Әйелім де қатты күйзеліске түсті. Төсек тартып жатып қалды. Маған әріптестерімнің тарапынан ғана қолдау болды. Олар оқиғаны бетіме баспады”, – дейді ол.
- "4" пен "5"-ке оқыған: Қазанда атыс шығарған студент оқыған колледждің ректоры күдікті туралы айтты
- БАҚ: Қазанда атыс шығарған студент қаруды ойыннан тапқан ақшаға сатып алған
Ер адамның айтуынша, ұлы сегізінші немесе тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде отбасы баласының басы ауыратынын, ми ауруына шалдыққанын білген. Ол кезде Ильназ басының қатты ауыратынын айтқан.
“Баламды көрсем, барлық “жақсы” сөзімді айтып, ұрсып, көзбе-көз сөйлесер едім”, – дейді әкесі.
Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады