Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақмыс" Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған сәбиге ақшалай сыйлық табыстады

"Қазақмыс" Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанған сәбиге ақшалай сертификат табыстады.

2023 жылы 14 қарашада дүниеге келген Ақылбек Томирис Сұңғатқызы Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Сәбидің туған күніне орай Қазақмыс нәрестенің ата-анасына миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

Бұл оқиға жақында құрылған Ұлытау өңіріндегі Жезқазған қаласында орын алды, сондықтан бұл жаңа өңір үшін екі есе маңызды болып отыр. "Қазақмыс" компаниялар тобының ең ірі өндірістік алаңы Жезқазғанда орналасқан және әлеуметтік бағыттағы компания ретінде өзі жұмыс жасайтын аймақтың барлық тұрғындарына қамқорлық жасайды. 

“Томирис пен оның ата-анасын керемет қуаныштарымен құттықтаймыз! Гүлденген, азат Қазақ елінде Томирис қызымыз баршаның қуаншына бөленіп өсе берсін! Бауы берік болсын”, – делінген хабарламада. 

Талқылау