Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың бэтмені": Мәжіліс депутатының "Абу-Даби Плаза" төбесінде түскен видеосы желіде талқыға түсті

Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтың елордадағы "Абу-Даби Плаза" төбесінде шапан киіп, суперқаһарман позициясында түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеокадрдан алынған

Видеоны оператор Әділет Рахметолла жариялағанымен, онысын өшіріп үлгерген. Бұл туралы партияның сайтында не әлеуметтік желілердегі парақшаларында ешқандай ақпарат жоқ.

Алайда Руслан Берденов өзінің желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

“Бұл видео – Әділет Рахметолла түсіріп жатқан әлеуметтік роликтің бір бөлігі. Ешқандай терең мағына іздеудің қажеті жоқ”, – деді Руслан Берденов.

Берденовтің мәжілісте букмекерлік кеңселер мен құмар ойындардың зияны туралы айтып, мәселе көтеріп жүр.

Оқырмандардың депутаттың бұл әрекетіне тәнті болып, жарыса пікір жазды.

“Егер ол бұл мәселені шынымен шеше алса, онда ол шынымен де суперқаһарман!”, “Құмар ойындарға тәуелділікпен күресетін кейіпкеріміз”, “Букмекерлерді жапқан қазақтың бэтмені”, “Руслан жігітсің, лудоманияның түбіне жетші”, – деп жазды желі қолданушылары.

Бұдан бөлек мұндай видеоға тағы Алишер Елікбаев түсіп, өзінің желідегі парақшасына жариялады.

Талқылау