"Қазақтелекомның" бұрынғы басшысының әйелі Алматыдағы IT университетінің акционері атанды
Президенттің кеңесшісі, "Қазақтелеком" компаниясының бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеевтің жұбайы Мадина Бектұрғанова Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің акционері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Бұл туралы университтетің ақпан айында жарияланған есебінде айтылған.
Есепте Бектұрғанованың 14 ақпаннан бастап университеттің 10%-дан астам үлесіне ие екені көрсетілген, алайда нақты үлес көлемі жарияланбаған. Бұған дейін ақпараттық технологиялар университетінің жалғыз акционері Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім қоры болған, қордың негізгі иесі – экс-президенттің ортаншы қызы Динара Құлыбаева. Қор Бектұрғановамен бірге университетке иелік етуді жалғастыра бермек.
Университет өзінің ресми сайтында акционерлер құрамындағы өзгерістер туралы да ақпарат жарияламаған.
Мадина Бектұрғанова Астанада компьютерлер сатумен айналысатын шағын компанияның иесі, аталмыш компания он жыл ішінде шамамен 21 млн теңге салық төлегені анықталды. Сонымен қатар, ол көркем гимнастиканы дамытуға арналған бірнеше қоғамдық ұйымды басқарады.
Қуанышбек Есекеев 2010 жылдан бастап "Қазақтелекомның" басшысы қызметін атқарған. Ол 2024 жылдың мамыр айында президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Динара Құлыбаева Қазақстан-Британ техникалық университетін мемлекет меншігіне қайтарғаны туралы жазған едік.