"Қазақтелеком" қызметкерлері жұмыстағы төтенше жағдайдан кейін жансақтау бөліміне түсті
Ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" АҚ екі қызметкері техникамен жұмыс істеу кезінде болған төтенше жағдай салдарынан зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні түскі сағат шамасында кабельдік арналардың өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ қызметкерлері кабельдік арналарда мұздан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бір кезде бу генераторы істен шықты.
25 және 44 жастағы екі жұмысшы зардап шекті. Олар жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді