Қазақтарды маймылға теңеген: Рудный қаласының тұрғыны тікелей эфирдегі сөзі үшін 2 жылға сотталды
Қазақтарды маймылға теңеген Божко 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап.

46 жастағы Рудный қаласының тұрғыны қыркүйек айының соңында украиндық блогердің ютуб каналында тікелей эфирге қатысып, қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып, маймылға теңеген. Күдіктінің кінәсі желіде тараған бейнежазба мен сараптама нәтижесінде дәлелденген. Оған "ұлтаралық араздық тудырды" деген айып тағылған.
Божко жазасын қоныс колониясында өтейді.
Айта кетейік, атышулы видео интернетте тарағаннан кейін Кирилл Божко Қазақстан халқынан кешірім сұрап, бейнеүндеу жолдаған болатын.
"Мас болған едім, соның кесірінен осындай жағдай болды. Негізі, қазақ халқын өте сыйлаймын. Істеген ісіме өкінемін. Мені кешіріңіздерші. Қазақ халқынан кешірім сұраймын", - деді ол.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі