Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтанда теле және радиохабар тарату уақытша өшірілді

​Қазақстанда теле және радиохабар таратудың уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

телевизор

Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ мәлімдеді. 

"2020 жылғы 15 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген ресми хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Өз кезегін АҚ қызметкерлері тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. 

Талқылау