Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігітінен бала туды деген конголық әйелді Қазақстаннан жер аудармақ

Қазақтан қыз туған Моника Камукенж Канганзу Қазақстаннан жер аударуы мүмкін. Әйелдің өмір тарихы бұған дейін көпшілікке белгілі болды.

Қазақтан қыз тудым деген конголық әйелді Қазақстаннан жер аудармақ

Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Ол Конго Республикасынан ЭКСПО көрмесінде Қазақстан астанасына келді, осында жергілікті тұрғынмен кездесіп, жүкті болып, қыз баланы дүниеге әкелгенін айтқан еді. Қазақ жігіті ЭКСПО-ға келген конголық әйелді жүкті қылып, қашып кеткені айтылды.

«Камукенж Канганзу Моника Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 253 теңге көлемінде айыппұл салынды. Нұр Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі заңды күшіне енді», - деді соттың баспасөз қызметінде.

Бұл шешім заңды күшіне енді.

Нұр-Сұлтан соты айыппұлды төлемеген жағдайда, көші-қон полициясы тағы бір рет африкалық әйелді өз отанына депортациялауға әкелетін материалдарды бере алады деп түсіндірді.

Мониканың ақшасы жоқ екені белгілі болды, сондықтан ол біздің елден кеткісі келмесе де елден кетуге моральді түрде дайын.

Конго елінен халықаралық көрмеде жұмыс істеуге келген Моника қазақ жігітінен Блессинг есімді қыз сүйіп Нұр-Сұлтанда қалып қойғаны елді елең еткізген еді.

Талқылау