Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті ЭКСПО-ға келген конголық әйелді жүкті қылып, қашып кеткен

Бұрын «Жетімдер үйі» деген түсініктен арылуға асығушы едік. Оған енді «әйелдер үйі» деген қосылды. Қосағынан таяқ жеп, барар жері, басар тауы қалмаған, көмекке қатты мұқтаж аналар мен бойжеткендер паналайды бұл жерді. Арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

Мәселен, бөпесін мәпелеп, өз тілінде бесік жырын салып отырған мына конголық келіншектің есімі Моника. Былтыр елде ЭКСПО көрмесі өткенде Қазақстанда қалып қойды.Қазақ жігіті көңіл білдіргендіктен. Алайда, кейін құрсаққа бала біткенін естігенде, тайып тұрған, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Мұны электронды сөздік арқылы жеткізген әңгімесінен түсіндік. Қазір Моника жалғызбасты ана. Қызы Маша осыдан сегіз күн бұрын 3 келі салмақпен дүниеге келді.

Аналар үйін мекендеп отырған тағы бір бұрымдының оқиғасы тіптен қызық. Ол 21 жасқа келіп, енді әріп танып жатыр.

Біз оның есімін көрерменге айтпаймыз деп өзіне уәде еттік! Өйткені, ұялады. Тағдыр тартқызған тауқыметі үшін. Ол қазақ қызы. Әкесін өмірі көрмеген. Ал, анасы, анасы болса арақтың арбауына түсіп, тастап кетті. Жетім қызды кезінде үйінде босанғандықтан, бойжеткеннің бірде-бір құжаты болмаған. Сәйкесінше ел қатарлы білім алудың орнына, көлік жуып, еден сүртіп күнелткен. Ал, 18 жасында жолдасын кезіктіріп, тұрмысқа шықты. Алайда, азаптың көкесі сонда басталған көрінеді.

Осыдан кейін жолдасы оған қоқан-лоқы көрсетуге көшіп, ақыры үйінен қуып шыққан.

“Ата-енемнің сол анаң орыс, көп ішеді. Оқымағансың, артыңнан дүние келмеген, сауатсызсың деп айтады көбісі. Уақыт өткен сайын одан бетер тисе бастады. Сосын ойладым ертең бала тисе бастаған соң, балама да айтады. Оның бәрін балам көтере алмайды деп ойладым”, – дейді ол.

Өкініштісі түрлі жағдайда тағдырдың тауқыметін тартып, өздеріне пана іздеп жүрген мұндай қыздардың саны қазір бізде көп. Сәйкесінше кризистік орталықтардың да саны артып келеді. Ел бойынша 18-і бар. Оның өзі аз дейді біріне басшылық ететін Анна Рыль!

«Бізге жыл сайын 300-400 әйел көмекке жүгінеді. Түрлі жағдаймен.Құжат мәселесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық. Біз көбіне қеңес береміз. Себебі бәріне жатар орын  қаражат  табуға қиналамыз. Сол кезде мемлекеттік «Кризистік орталықтарға» жөнелтуімізге тура келеді» – дейді қоғамдық қор директоры Анна Рыль.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жылу желісі жарылды: Бір адам зардап шегіп, үш көлік суға батып кетті

Автокөлік иелері өтемақы алу үшін Алматы жылу желілеріне жүгіне алады

«Бекер сұраппын соны...»: Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кесірінен фильмге түсуден бас тартқан

Әншіні тек жаман рөлдерге ойнауға шақырған

Павлодарда түрмеден шыққан жігіт бір апта ішінде 8 ұрлық жасады

Айыпталушы ерекше әдіспен үйлерді тонаған

Әкесі мен ұлы көз жұмған: Ауыр жол апатына ұшыраған қазақстандық футболшы есін жиды

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр

Көліктер батып қалған: Желіде Алматыда су басқан көшенің видеосы тарады

Видеодан судан бу шығып жатқаны көрінеді

Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Тимур Тоқаев - саясат ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер

Ғалымдар қызанақтың белсіз ерлерге пайдалы екенін анықтады

Қызанақтың құрамындағы ликопен ерлердің ұрық жасушаларын көбейтіп, белсенді етеді

Назарбаев тайфун салдарынан қаза болғандардың өліміне байланысты Жапония императорына көңіл айтты

«Хагибис» тайфуны салдарынан 47 адам қаза болып, тағы 15 адам хабарсыз кетті

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады
Çàãðóçêà...