Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауылымызда адам өмірі ойыншыққа айналған": "Жансайка" лақап атымен танылған стендапер ағасының өлімінен соң халықтан көмек сұрады

Блогер, әзілкеш, стендапер Жансая Мұратбекова ағасының өліміне себепкер болған кінәлі адамдар қатаң жазасын алмай жүргенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhanssaika/

Блогердің жеті ағасы мен бір әпкесі бар. Ақпан айында алтыншы ағасы кенеттен дүниеден озған. 

“Кезінде "қарындасым" деп қорғаған ағамның құқығын енді мен қорғап жүрмін. Барлықтарыңызға қайырлы кеш. 2 айдан астам уақыт инстаграмды жүргізбедім. Оған үлкен себеп болғанын жақсы білесіздер. Білмейтіндер болса, 18 ақпан күні туған алтыншы ағам қайтыс болып, қырқын да өткіздік, сол суық хабарды естігелі 2 айдан астам уақыт өтті. 40 жасын тойлаймыз деп жүргенімде қапыда айырылып қалдық. Қайрат ағам жайлы қайсыбір естелігімді айтарымды білмеймін. 14 жасымда папам қайтыс болғанда мамам екеуміздің қолымызға жеңгеммен келіп еді, содан бері папамның орнын жоқтатпай қорғаным болып келді”, – деп жазды блогер. 



Айтуынша, кісі қолынан айуандықпен қаза тапқан ағасының ісі әділ түрде жүрмей жатқан көрінеді. Әділдік іздеймін деп жанұшырған әзілкеш ауылындағы біраз былықтың да бетін ашты. 

“Бұл жағдайды құқық қорғау органдары әділ жүргізіп, әрі жіті қадағаласа еш жерге жарияламаймын деп ойлаған едім, бірақ айтуға мәжбүрледіңіздер. Менің ағам кісі қолынан қаза тапты, нақтырақ айтқанда айуандықпен келтірілген соққылар салдарынан кетті. Осы іс бойынша тергеу барысында әртүрлі заң бұзушылықтар болып жатқандықтан және тергеуге 100 пайыз көңілім толмағандықтан жауапты адамдардың үстінен әрбір органға ресми түрде арыз жаздым. Өкінішке қарай біздің ауылда адамның өмірі ойыншыққа айналғандықтан, бар үмітіміз ауданда болған, бірақ Аягөз ауданының өзі өте төмен деңгейде жұмыс жасап жатыр. Ескі жүйе, тамыр-таныс белең алып тұр. Әлде адамның құқығы қала, ауылға бөліне ме? Қазіргі елімізде онлайн болып жатқан соттың өзі осылай созылып жатқанда, ауыл-аудандағылар кісі қолынан қаза тапқан жақынын жерлеп бір қиналса, артынан оның құқығын ақтап, ақиқат пен әділдікке жету үшін неше рет қиналатынын білесіздер ме? Неге жәбірленуші тарап ақиқат пен әділдікке жету үшін өздері жүгіруі керек? Күдіктеніп отырған адамдар да жетерлік. Неге олардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тағы да жәбірленуші тарап жүгіру керек? Сұрақ та, тексерілмеген нәрсе де көп. 100 пайыз көңілім толмайынша тиісті жердің, жауапты адамдардың барлығына жаза беретін боламын!”, – деді блогер. 

Талқылау