Биыл мектепте соңғы қоңырау бола ма – Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді
Биыл қазақстандық мектептерде оқу жылы 34 аптаға созылады. Сондай-ақ 3,8 миллионнан астам оқушы 2023-2024 оқу жылын аяқтайды, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қош айтысады екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биылғы оқу жылы 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталады.
"Бірқатар облыстардағы су тасқыны жағдайына байланысты және соңғы күн сенбіге келіп тұрғандықтан, оқушыларға сынып сағаты өткізіледі. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылды қорытындылайды", – деді тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Қарлығаш Құрманбекова.
11 (12) сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру және арнайы "Алтын белгі" төсбелгілерімен марапаттау 12-15 маусым аралығында барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін өтеді.
Емтиханға қауіпсіздік пен сапалы дайындықты қамтамасыз ету үшін 9-11 сынып түлектеріне ақша жинауға, салтанатты тойларға, банкеттерге және көлікпен жүруге тыйым салынады.
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.