БҚО-дағы су Атырау облысына қарай ағып жатыр – ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігі 25 сәуірде су Батыс Қазақстаннан Атырау облысына ағып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Ведомстводағылар Батыс Қазақстан облысындағы жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баса айтты.
"Жайық өзеніндегі су деңгейі бірте-бірте төмендеп жатыр. Бір күн бұрын төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша облыста су тасқынының салдарын жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Маңғыстау және Қарағанды облыстарының құтқарушылары су тасқынының екінші толқыны қаупі бар Атырау облысына жол тартты", –делінген хабарламада.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы