Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның әлемдегі үздік елшісі: Француздар Димаш жайлы не дейді?

Аяқталуға жақын қалған “Singer” жобасын апта сайын бізбен қатар француздар да асыға күтеді екен. Олар Димаштың әніне және өзіне ғашық. Олардың махаббаты Димаштың орындауындағы танымал француз әнінен басталған.

dimaxi

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Вконтакте желісіндегі жанкүйерлер парақшасына жаңадан қосылған француз қызы Димаш туралы ойын жазды. Ол Димашты «Қазақстанның әлемдегі үздік елшісі» деп бағалады. Одан бөлек, әлемге Димаштай ұлды сыйлаған Қазақ еліне алғыс айтты. Хаттың орысша нұсқасын Мәдина Сейтмағамбет жариялады.

Назарларыңызға француз қызы Сандра Скамаронидің хатын қазақшаға аудара отырып ұсынамыз.

«Барлықтарыңызға сәлем! Мен үшін Димаштың жанкүйерлерінің тобына қосылу үлкен мәртебе. Міне, екі айдан бері сіздердің пікірлеріңізді оқып келемін. Алайда осы күнге дейін тіркеле алмағандықтан жаза алмадым. Бүгін тіркеліп, бақытқа кенеліп отырмын. Мен француз қызымын және Францияның оңтүстік-шығысында тұрамын (атақты футболшы Зинедин Зиданның туған қаласы).

Бір күні қаңтардың кешінде facebook-тен достарымның бірі жариялаған видеоны көріп қалдым. Бұл Димаштың орындауындағы “SOS d’un terrien en détresse” әні еді. Бүкіл эмоцияны бастан кештім. Француз тіліндегі бұл ән француздардың жүрегіне апаратын жол іспетті, өйткені бұл туындыны Францияның екі бірдей ұлы суретшісі, марқұм Даниель Белавони мен Грегорий Лемаршал орындаған. Олар да Димаш сияқты сирек кездесетін дауыс иесі болатын.

Бұл – өте күрделі ән. Оны айтуға екінің бірі бата алмайды. Десе де Димаштың орындауында естіген кезде жүрегіміз елжіреді. Ол періштенің даусына ие, әнді шебер түрлендіріп орындады. Димаштың даусын алғаш естігенде Францияда отырып жыладық.

Ешқашан бұл әнді дәл Димаштай біреу орындай алады деп ойламаппыз. Қатты таңғалдық, таңырқадық. Ол бар эмоциясын, сезімін әнге қосты. Оның даусын бүкіл денеңмен сезесің. Ол адамдарға әсер етеді. Димаштың таланты 1,91 метр деп жиі қайталаймын: оның харизмасы бар, даусы періштенікіндей, өте сымбатты, көрікті, тартымды және өзі бірнеше аспапта ойнайды.

Ол нағыз – суретші! Димаш – 2017 жылдың үлкен жаңалығы. Ол бізге мол қуаныш пен бақыт сыйлайды. Оның «Азияның ең танымал әншісі» атанғанына қуаныштымын. Сондай-ақ, Димаш “The Singer” байқауының жеңімпазы атануға әбден лайықты деп санаймын, өйткені ол өзгелерден кез келген көрсеткіш бойынша асып түседі. Жоба нәтижесі қандай болса да, көпшілік үшін – Димаш бірінші орында, ол біздің жүрегіміздің төрінен орын алды.

Біз оның өз еліне деген сүйіспеншілігін көріп тұрмыз. Ол үшін түп-тамыры, шыққан жері маңызды екенін барлығымыз сеземіз. Қазақстан әлемге өзінің үздік елшісін, яғни Димашты жіберді. Жанының кеңдігі қандай, тамаша адам! Болашақта Димашты халықаралық дәрежедегі мансап күтіп тұрғанын білемін. Франциялықтар оны жақсы көреді және апта сайын оның сахнаға шығуын күтеді. Димаш өз елі жайлы айтып берген еді. Мен әлемге Димашты сыйлаған Қазақстанға алғыс айтамын!» – дейді Сандра Скамарони.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш “Singer” финалының екінші кезеңіне өтті

Итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ қызымен шаңырақ көтермек

Мұхаммед Әлидің қызы Димаштың жанкүйері болып шықты

Димаштың музыкалық кеңесшісі Q-pop стилінде бейнебаян түсірді (видео)

Талқылау