Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы Сербия ойыншыларынан жеңіліп қалды
Польша мен Нидерландыда өтіп жатқан волейболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

"С" тобында төртінші болып шыққан Сербия құрамасы қазақстандық спортшыларды 0:3 (13:25, 17:25, 10:25) есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан әйелдер құрамасы осымен төртінші рет қатарынан жеңіліс тапты. Бұл ретте олар әлем чемпионатында әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "С" тобында сайысқа түсуде, мұнда Сербиядан бөлек АҚШ, Болгария, Канада және Германия құрамалары да бар. Топта соңғы орында тұрған қазақстандық спортшылар соңғы кездесуін Болгарияға қарсы өткізуі керек.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ

