Қазақстанның үш аймағында дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері үш өңір тұрғындарына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

7 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылдың ықтималдылығы - 85-90%.
7 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 40 градус қатты аяз сақталады.
7-8 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-75%.
Бұған дейін синоптиктер елімізде алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін хабарлады.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"