Қазақстанның тағы бір боксшысы лицензиялық турнирде жеңілді
Бокстан әйелдер құрамасының мүшесі Наталья Богданова Таиландтағы әлемдік лицензиялық турнирдің алғашқы айналымында сүрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Наталья Богданова Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирде жеңілді. Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде отандасымыз 66 келіде сербиялық Кристина Кулуховаға қарсы жұдырықтасып, 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Богданова Олимпиада квотасын еншілей алмаған екінші боксшы атанып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін 54 келіде сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек алғашқы жекпе-жегінде америкалық боксшыға жеңіліп қалғанын жазған едік.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

