Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Беларусьтегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Қазақстан Беларусьтегі жағдайға қатысты ұлттық мүддеге сәйкес шешім қабылдайды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр Александр Лукашенконың ҰҚШҰ күштерін тартуға қатысты республиканың ұстанымы туралы сұрағына жауап берді.
"Барлығы біздің міндеттемелеріміздің аясында болады. Егер ол сәйкес келсе, тиісінше қарастырылады. Егер бұл біздің мүдделерімізге сәйкес келмесе, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес келетін шешім қабылданады", - деп жауап берді Ашықбаев.
Сонымен қатар, шешім қабылдамас бұрын, мәселенің жан-жақты талданатынын айтты.
"Біз қарап, шешім қабылдаймыз. Біз талдау жүргіземіз", - деді Ашықбаев.
Сенбіде Беларусь Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесу барысында Ресей президенті Владимир Путинмен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алғашқы өтініш бойынша республикаға көмек көрсету туралы келісімге келгенін айтты.
"Балалардың қызуы 40°C-қа көтеріліп, жаппай ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?