Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұрмысы төмен халықтың үлесі бойынша көш бастады
Қазақстанның оңтүстік аймақтары тұрмысы төмен халықтың үлесі бойынша көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстанның аймақтық саясаты концепциясының жобасында айтылған.
"Ең жоғары жалақы Батыс макроаймағында (Атырау, Маңғыстау облыстары), Орталық-Шығыс макроаймағында (Ұлытау), сондай-ақ Астана мен Алматы сияқты ірі агломерацияларда байқалады. Сонымен қатар Оңтүстік және Солтүстік макроаймақтарында орташа жалақы республикалық орташа деңгейден төмен (2023 жылғы орташа жалақы – 364,3 мың теңге). 2023 жылы тұрғындардың табысы өмір сүру минимумынан төмен үлесі бойынша (республикалық орташа – 5,2%) аймақтар арасындағы айырмашылық 3,7 есе болды. Өмір сүру минимумынан төмен табысы бар тұрғындардың ең үлкен үлесі Оңтүстік макроаймағында (6,4%-дан 9%-ға дейін), сондай-ақ Батыс макроаймағында, әсіресе Маңғыстау (7%) және Қызылорда (6,2%) облыстарында байқалады”, – делінген құжатта.
Сонымен қатар Батыс макроаймағында, әсіресе Атырау және Маңғыстау облыстарында жалақылар республикалық орташа деңгейден жоғары болғанымен, жан басына шаққандағы ақша табысы республика бойынша орташа көрсеткіштен төмен екені атап өтілген.
"Бұл бірнеше факторларға, мысалы, жұмыссыз халықтың жоғары үлесіне, сондай-ақ осы аймақтардағы өмір сүру құнының (тұрғын үй, тауарлар мен қызметтер) жоғары болуына және басқа экономикалық факторларға байланысты. Батыс және Оңтүстік макроаймақтарында жұмыссыздық деңгейі республикалық орташа деңгейден (4,7%) жоғары", – делінген құжатта.