Қазақстанның кейбір аймағында үсік жүреді
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 13-15 мамырына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда, шығыста жаңбыр жауу ықтималдығы басым.
"13 мамырда атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде жауын-шашын болады, шығыста қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 14 мамырдан бастап еліміздің басым бөлігінде, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысын қоспағанда, Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 15 мамырда елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүретіндіктен, топырақ беті қатуы мүмкін. Республиканың жекелеген облыстарында жел күшейіп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін", - дейді синоптиктер.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады