Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанның интернет сапасын АҚШ, Австралия, Аргентина сынды елдермен салыстырған жөн" - Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет жылдамдығы мен сапасы жағынан Қазақстанды Өзбекстанмен салыстыруға келмейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандықтар ұялы байланыс қызметінің нашарлығы мен сапасына тағы да шағымданды. Ал Үкімет отырысында халықтың көкейінде жүрген сауалдарды журналистер министр Мусиннен сұрады.

"Салыстырғанда, алманы алмамен салыстыру керек, түсіндіңіздер ме? Сондықтан әрқашан аналитикалық зерттеулерге сүйеніңіздер. Алдағы уақытта ашық есік күнін өткіземіз, сол кезде қалай салыстыру керек, не істеу керек, қандай жұмыс істеп жатырмыз бәрін нақты түсіндертін боламыз. Өйткені бір жақты бәрі нашар деп айтуға болмайды", –  деді Мусин. 

Министр журналистердің Қазақстанды интернет сапасы жағынан қай елмен салыстыруға болады деген сұрағына жауап берді.

"Бірнеше параметрлер бар. Елдердің ЖІӨ деңгейі бар. Халыққа шаққандағы орташа табысы да жақсы. Белгіленген аумағы бар. Біз әлемде тоғызыншы орындамыз, сондықтан Америка Құрама Штаттары, Австралия, Аргентина сынды елдермен салыстырған жөн. Олармен салыстырсақ, біз жаман позицияда емеспіз. Тағы да айтамын: халық тығыздығы бірдей елдермен салыстырғанда біздің жағдайымыз жаман емес. Сіздерге тығыздық, баға және тарифтер бойынша салыстырмаларды қамтамасыз ететін аналитиканы жіберемін", –  деді министр.

Талқылау