AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Люция Төлешова өмірден өтті

Бүгін 80 жастан асқан шағында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор, елімізде тұңғыш рет "Эстрадалық вокал" кафедрасының негізін салған қайраткер Люция Төлешова дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров естіртті.

“Әлемді жайлаған індеттен қазақтың аяулы тұлғасы Люция Қажығалиқызы дүние салды.
Мәскеудегі Гнессиндер атындағы музыка академиясын тәмамдаған Люция Төлешова өзінің саналы ғұмырын кәсіби эстрада өнеріне арнады. Соңғы демі үзілгенше Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының "Эстрадалық вокал" кафедрасының профессоры болып еңбек етті.

Люция Қажығалиқызы тәрбиелеген шәкірттер – Т.Забирова, Б.Шадаева, С.Майғазиев, Б.Мұхитдинова, Г.Қаспақова, М.Мүсірәлі, Ж.Арыстанова, Ә.Каримов, Қ.Түнтеков, Б.Құлғараев, Д.Каден, Б.Ретбаев, т.б. Қазақстанның өнер кеңістігінде белгілі әншілер мен орындаушыларға айналды.

Жүрегі "Өнер" деп соққан Люция Қажығалиқызымен өмір мен өнер жолында әріптес болдық, сыйластық. Өмірде ерекше қадір тұтқан Люция Қажығалиқызының ой-армандары мен мақсаттары көп еді... Ажалға не шара?! Отбасына, тума-туысқандары мен әріптестеріне, барлық шәкірттеріне қайғырып көңіл айтамын", – деді Асхат Маемиров. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр