Қазақстанның екі өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылды
Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты жекелеген учаскелерінде жол жабылып, қозғалыс шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:pixabay.com
"Қазавтожол"АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қозғалысты шектеу екі облыста автокөліктің барлық түрлері үшін сағат 13.00-ден бастап енгізілді.
Қостанай облысында:
- Қостанай-Әулиекөл-Сурған автожолының учаскесінде, 108-232 км (Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ақмола облысында:
- Қостанай-Әулиекөл-Сурған автожолының учаскесінде, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін);
- Жақсы – Есіл – Бузулук автожолының учаскесінде, 71-82 км (Ақсай кентінен Бузулука кентіне дейін);
- Жезқазған – Петропавл автожолының 536-553 км учаскесінде (Бузулук кентінен Сурған кентіне дейін).
Бұл учаскелерде жол қозғалысы болжамды уақытпен 2 қаңтар сағат 9.00-де ашылады.
Қазақстан трассаларындағы қозғалыс шектеулері туралы қосымша ақпаратты 1403 нөмірі бойынша білуге болады.
Алматыда ер адам қазақтарды жек көретінін айтып, 10 жасар баланы ұрған
Ол балаларды “пышақтап өлтіремін” деп қорқытқан
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты