Қазақстанның екі өңірінде 4 блок-бекет орнатылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин жағдайында қауіпсіздікті сақтау мәселесіне қатысты үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр қазіргі таңда қандай шектеу шаралары қатаң қадағаланып жатқаны туралы айтып берді. Тұрғымбаев карантин ережелерін бұзғандарға қатысты ақпаратпен бөлісіп, полиция қызметкерлерінің атқарған шараларын түсіндірді.

"Ішкі істер министрлігі карантиндік шараларды қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруда. Күн сайын он мыңға жуық полиция қызметкері, ұлттық ұлан әскері және еріктілер жұмылдырылады. Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, екі өңірде 4 блок-бекет және төрт санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа полиция қызметкерлері вирус жұқтырғандармен байланыста болғандарды анықтауда", - дейді Тұрғымбаев. 

15 мың карантин шараларын бұзу жағдайы тіркелді. Оның ішінде заңсыз 600 той анықталған. Мұндай заң бұзушылықтар тексеруден өтіп, барлығына әкімшілік жаза қолданылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр