Қазақстанның дәрігерлерінің орташа айлығы жарты миллионға дейін жетпек
Қазақстан дәрігерлерінің жалақысына қатысты онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға қатынасын 2,5 есеге жеткізу міндетін қойды. Жақсы өмір сүру жағдайларын, қаражаттың қалыпты деңгейін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктер жүйесі арқылы дәрігер мен жалпы медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру қажет", - дейді Төсекбаев.
Төсекбаев, алдағы уақытта дәрігерлердің жалақысы жарты миллионға дейін көтерілетінін айтты.
"2025 жылға дейін жыл сайын дәрігерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. 2017 жылы дәрігерлердің айлықтары 97 мың болса, бүгінгі таңда орта жалақылары 253 мыңға дейін барады. Ал 2025 жылда дәрігерлердің орташа айлықтары 550 мыңға дейін жетеді", - дейді Төсекбаев.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"