Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы Польшадағы турнирде 11 медаль жеңіп алды
Бокстан Қазақстан құрамасы Польшада өткен әйелдер арасындағы халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті. Спортшыларымыздың еншісінде 11 медаль бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Сурет: Olympic.kz
Алтын медальдарды Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай және Карина Ибрагимова иеленді. Валентина Хальзова турнирді екінші орынмен аяқтады.
Балауса Мұздиман, Жайна Шекербекова, Жазира Урақбаева, Дариға Шәкімова, Сәния Сұлтанқызы, Гүлсай Ержан, Мәдина Нұрашева жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Доступ к сайту ограничен https://1xbet.kz
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”