Қазақстанның бірнеше өңірінде дизель тапшы - министрлік
Еліміздің бірнеше өңірінде дизель тапшылығы бар. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде былтырғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін”, - деді Болат Ақшолақов ОҚК-де өткен брифингте.
Министрлік өкілі қазіргі уақытта дизель тапшылығы бар өңірлерді атады.
“Алматы облысында, кейбір ауылдарда жетіспеушілік болуы мүмкін. Сонымен қатар Түркістан облысы мен Шымкент қалаларында дизель отыны тапшы. Біз әкімдікпен бірге нақты жұмыс атқарып жатырмыз. Бірақ Түркістан облысында ондай мәселе бар. Бәрін жаңа бағамен ретке келуін күтеміз”, - деді Болат Ақшолақов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”