Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP 250 турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ньюпортта (АҚШ) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің финалына шықты,деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда ол австралиялық Джейсон Кублерді сенімді түрде ұтты. Бір сағат он минутқа созылған кездесу 6:3, 6:2 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Айта кетейік, ATP рейтингінде Бублик 42-ші орында, ал Кублер 102-ші орында.
Ертең, 18 шілдеде өтетін финалда қазақстандық теннисші америкалық Максим Крессимен ойнайды.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды

