Қазақстанның батысында еріген қар суы аулалар мен көшелерді басты
Батыс Қазақстан облысында ауа райының жылынуына және қардың жылдам еруіне байланысты тұрғын үйлердің ауласы мен көшелелерді су басты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше Оралда және Ақсай қаласында 28 ақпанда қардың тез еруіне байланысты үйлердің ауласы мен көшелерге су жиналған.
Қазір жергілікті атқарушы органдар аймақтағы құтқарушылармен бірігіп суды қайтару және су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ көшелер мен аулалардан 933 текше метр су сорылып, 5 100 текше метр қар шығарылған.
Сонымен қатар ТЖД мен жергілікті билік жауын-шашын маусымында бақылау жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін ТЖМ елде 700 мың тұрғынға су басу қауіпі төніп тұрғанын мәлімдеген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"