Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

15 шілдеге арналған ауа райы болжамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +23...+25°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 3-8 м/с жел күтіледі. Түнгі температура +23...+25°C, күндіз +33...+35°C.

Шымкентте ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с болады деп болжанады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +25...+27°C.

Атырауда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +21...+23°C.

Конаевта күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +36...+38°C.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +21...+23°C.

Қызылорда үшін ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с болады деп болжайды. Ауа температурасы +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.

Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +22...+24°C.

Семейде күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 17-22 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +22...+24°C.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +37...+39°C.

Талқылау