Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды
Елімізде кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс аймақтарда дауыс беру учаскелері 1 сағаттан соң жабылады. Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау және Қызылордада дауыс беру Астана уақытымен 21:00-де тоқтайды. Ал түнде exit poll сайлаудың алғашқы нәтижелерін жариялайды.
Айта кетейік, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы 18:00-дегі жағдай бойынша сайлауда дауыс беруге құқылы азаматтардың 67,08%-ы дауыс бергенін мәлімдеген еді.
Аймақтар бойынша Түркістан облысы көш бастады. Мұнда азаматтардың 80,25%-ы дауыс берген. Ал Алматыда тұрғындардың небәрі 27,93%-ы дауыс берген.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған