Қазақстанның бас прокуроры Қордайдағы оқиғаға байланысты Тоқаевқа есеп берді
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұған дейін мемлекет басшысы бірқатар лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатты. Олардың қатарында полиция бөлімшелерінің басшылары да бар.