"Қазақстан барлығына дайын болғаны жөн": Таяу Шығыстағы кикілжіңнің арты Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін бе

2020 жыл бастала салысымен орын алған Иран мен АҚШ арасындағы саяси ахуал бүкіл әлем жұртын дүр сілкіндірді. АҚШ тарапынан Иранның беделді әскери басқарушысы генерал Сүлейманиге қарсы қастандық ұйымдастыруы соңғыларының төзімін тауысқан секілді.

Таяу Шығыс елі Құрама Штаттардың Иракта орналасқан әскери базасына шабуылдап, бірнеше зымыран жаудырған еді. Сырт мемлекеттер бұл жайттан қапы қалмады: қазірдің өзінде Ресей Федерациясы Иранды қолдайтынын жеткізді. Аталған жағдай басқа мемлекеттерді, әсіресе Қазақстанды айналып өтпейтіні анық. Қазақстан жұртын алдағы уақытта не болмақ деген өткір сұрақ мазалайтыны тағы бар. Сол себепті Stan.kz редакциясының тілшісі қазақстандық сарапшылардың сөздеріне сүйене отырып, осы тақырыпты тарқатып көрген еді.

"Иран тағы бір әлемдік соғыс бастауға батылы жетпейді"

Қазақстандық қоғам қайраткері, саясаттанушы әрі танымал блогер Досым Сәтпаевтың сөзінше, Иранның  АҚШ-тан көрсетілетін қысымға бойлары үйреніп кетіпті. Олар өздерінің жаулары ретінде Дональд Трамппен қоса Ұлыбритания басшылығын да көретінін жасырмайды. 

«Мен 2015 жылы Иранда болып қайтқанмын. Осы жылы ирандық сарапшыларымен тілдестім. Олардың сөздерінен Таяу Шығыс елінің тек АҚШ-ты ғана емес Ұлыбританияны жау көретіндіктерін аңғардым. Иран елі 1950 жылы Ұлыбританиямен болған кикілжіңді ұмытпаған сияқты. Өздерінің мұнай кен орындарынан айырылып қалған Ұлыбритания АҚШ-пен бірігіп, елде әскери қақтығыс ұйымдастырып, ел билігінің өзгеруіне себепші болыпты. Иран батыстағы одақтастары ретінде Германия мен Францияны мойындайды», - дейді саясаттанушы. 

Сөзінше, Иран батыс елдеріне тәуелділіктен арылған. Бұл жағдай мемлекет экономикасын қайта құруға әкеліпті. Дегенмен Иран мұндай мықты одақтастары бола тұра, Иран тағы бір әлемдік соғыс бастауға батылы жетпейді дейді сарапшы. 

«Бәрінің үрейін туғызатын Үшінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын ашып айта берейік. Бұл тақырып сонау 1979 жылы Кеңес одағының кезде сол баяғы Иранның қатысуымен басталған еді. 70-ші жылдары ислам революциясы орын алды. Осы мәселеге қатысты АҚШ президенті Рональд Рейган кейбір мемлекеттерді «зұлымдық шеңберінің» қатарына қосты. Айтылған "шеңбердің" құрамына АҚШ басшысы Кеңес одағын, Иранды, Солтүстік Корея, Кубаны кіргізген еді. Байқап отырғанымыздай, Иран 70-жылдардың өзінде АҚШ-тың қас жауына айналған. Бұған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені америкалықтардың одақтасы Израиль де Иранға қарсы шыққан", - деп қосты Досым Сәтпаев.

Саясаттанушы екі ел арасындағы ахуал ХХ ғасырда пайда болған дейді. 

"Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп айтып келе жатқанына 40 жылдан асты. Негізі қазіргі кезде соғысқа бастамашы болған жағдай ретінде генерал Сүлейманидің өлімі айтылады. Алайда 2012 жылы осыған ұқсас жайттың болғанын естен шығармаған жөн. Бұл жылы Иранның ядролық қаруын құрастырумен және зерттеумен айналысқан беделді маман қаскөйлердің құрбанына айналған еді. Мұның артында Израиль мен АҚШ тұрғанын жоққа шығару мүмкін емес. Ал 2000 жылы Израиль мен АҚШ Иранның ядролық орталығына кибершабуыл жүргізген. Бұл әрекеттердің басты мақсаты Иранның әскери күшін қуаттандыруға кедергі болу еді. Яғни бұл жағдайлар Иран мен АҚШ-тың арасындағы кикілжің кеше басталған дүние еместігін көрсетеді. АҚШ-тың мемлекет ішінде мәселе тудырған кезде, назардың барлығын шетелге аударатын әдетін ұмытпайық. АҚШ-тың қазіргі басшысы Дональд Трамп өзінің алдындағы әріптестері Билл Клинтон, Джордж Буштан қапы қалмайтынын дәлелдеді", - дейді Досым Сәтпаев.

Бұған қоса ол АҚШ-тың Сүлейманиге қарсы қастандық ұйымдастыруы, Иранның АҚШ-тың әуе базасына шабуылдауы келісімге келудің бір жолы екендігін айтты. Дональд Трамп Америка жұртына өзін батыл әрі сабырлы саясаткер ретінде, ал Иран билігі өзінің халқына  сөзінде тұра алатындығын көрсете алды дейді саясаттанушы. 

Трамп

 

"Иран оңай олжаға айналатын мемлекеттер қатарына кірмейді"

Белгілі қазақстандық политолог Расұл Жұмалы өзінің Tengrinews.kz сайтының тілшісіне берген сұқбатында АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс бүкіл әлемнің назарын аударып қана қоймай, басқа да мемлекеттердің алаңдатушылығын тудырғанын айтты. Дегенмен болған жайттарды ескергеннің өзінде соғыстың тұтану қаупі жоқ екен. 

«Қалың жұрттың Үшінші дүниежүзілік соғыс туралы айтып дүрлігіп кеткені өтірік емес, десек те кикілжің мұндай маштабқа жете қоймайды-ау. Үшінші дүниежүзілік соғыс болмаса да, Таяу және Орта Шығыс елдерін қамтитын жергілікті соғыс орнауы ғажап емес. Иранның шабуылына қарамастан, бұл мемлекеттің соғыс бастауға қауқары жетпейді. Дегенмен олар АҚШ-тың қысымына құр қарап отыра бермейтіні сөзсіз. Иранның АҚШ әскери базасына шабуылдауы тек стратегиялық әрекет деп атауға болады. Иран үкіметі өз халқына сыртта көз алартып тұрған жауды көрсетіп, оларды біріктіруді мақсат етті. Иран көршілес жатқан Ирак және Ливия сияқты жай жатқан ел емес, бұл елдің әскери күші мықты. Ел ішіндегі шиеліністерге қарамастан Иран оңай олжаға айналатын мемлекеттер қатарына кірмейді», - дейді саясаттанушы. 

Расұл Жұмалы да Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыстардың терең тарихы бар екендігін атап өтті. Бұл мәселені АҚШ-тағы жаңадан келген республикалықтар партиясының өкілі Дональд Трамптың билік тізгінін қолға алуы өршітіп жіберген. 

«Дональд Трамптың әрекетін түсіндіру оңай шаруа емес. Оның саясат жүргізуі менеджер немесе бизнесменнің тәсіліне ұқсайды. Десек те ол кезінде берген уәделерінде тұрып 2019 жылы Сирия аумағынан америкалық әскерлерді шығарған болатын. Үш жыл ел басқарған кезінде ол бірде-бір рет соғыс отын тұтатпады. Ресей немесе Солтүстік Корея болмасын, ол барлығымен келіссөздер жүргізуге тырысты. Меніңше, АҚШ санкция жариялаумен немесе гибридтік соғыспен ғана шектеледі. Бұл жағдай ұзаққа созылып кетуі мүмкін", - деп қосты ол. 

"Қазақстан барлығына да дайын болған жөн. Иран - Қазақстанмен Каспий теңізі арқылы көрші жатқан мемлекет, сол себепті біз алыста жатырмыз деп айта алмаймын. Қазақстанның сақ болғаны дұрыс. Біз қазіргі таңда республикамыздың қорғанысына мұқият көңіл бөлуіміз шарт. Оған қоса Таяу Шығыстағы мәселені назардан тыс қалдырмауымыз керек. Ирак пен Сириядағыдай соғыс басталса, босқындар басқа жаққа ығыса бастайды. Ал Иранның изоляцияда жатқанын ескерсек, Каспий теңізінің халық үшін алтын көпір болатыны белгілі. Мемлекеттің солтүстігінде Түркіменстан мен Қазақстан орналасқан. Босқындар мәселесі тек болжам ғана, дегенмен бұл туралы да ұмытпағанымыз жөн. Тағы бір мәселе -  мұнай нарығы. Қазіргі кезде мұнай бағасы кез-келген ауытқушылыққа тәуелді, сол себепті осы саланы да бақылауда ұстау қажет», - деп аяқтады сөзін Расұл Жұмалы. 

 

"Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп шошудың керегі жоқ"

Жоғарыдағы саясаттанушылардың Үшінші дүниежүзілік соғыс болмайды деген сөзін тағы бір сарапшы Айдос Сарым қолдады. Сөзінше, Таяу Шығыстағы кикілжіңнің үлкен дауға ұласуы екіталай. 

«Менің ойымша, дүниежүзілік соғыс болмайды. Дегенмен Таяу Шығыстағы мемлекеттер біразға дейін шулайтыны белгілі, салдарынан мұнай бағамы артып кетеді. Меніңше, қазіргі заманда кімге де үлкен соғыстың қажеті шамалы. Мүмкін қандай да бір зымырандық шабуылдар, терактар мен жарылыстар орын алады. Алайда Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп шошудың керегі жоқ. Иран мемлекеті өз көзімен Сирия мен Иракта болған жағдайды көрген болатын. Сол себепті маштабты соғысқа жол берілмейтіні сөзсіз. Мүмкін экономикалық соғыс орнайды. Бірақ бұл жағдайдың өзі Біріккен Араб Әмірліктерінің ЭКСПО ұйымдастырып жатқанын ескерсек, күмән туғызады. Себебі қазірдің өзінде БАӘ басшылары аталған шараға көп қаражат жұмсап, оған үлкен үміт артып отыр. Ал егер Таяу Шығыста терактар мен жарылыстар көбейсе, бұл аймаққа туристер аттап аяқ баспайды. Бірақ жергілікті киілжіңдер мен мәселелерді жоққа шығарудың қажеті жоқ», - деді Айдос Сарым. 

зымыран

 

"Екі елдің саясатынан тек сол мемлекеттердің азаматтары зардап шегеді"

Тағы бір сарапшы Марғұлан Сейсембай Иран мен АҚШ арасында туындаған мәселені қозғамай кетпеді. Айтуынша, екі елдің саясатынан тек сол мемлекеттердің тұрғындары зардап шегеді. 

«Трамптың ойыны қанған секілді. Өзінің бизнесінде жүргізген тәсілдерін саясатқа араластырудың мүлдем қажеті жоқ. Күш көрсетіп, бетпақтық таныту - саясаткерге жат қылық. Ал қазір мәселеге тиек болған жағдай - халықаралық саясат. Қанша жерден мықты болсаң да, сенен де өткен бірбеткей табылары анық. Әрине, ирандықтар АҚШ-тың жеңбек түгелі, оның маңайына жолай алмас, дегенмен бұл саясаттың ащы нәтижесін Америка халқы тартады. Иран қарулы қақтығыста АҚШ-тың ғана емес, теракт ұйымдастыру арқылы бүкіл әлемінің қанын ішеді. Ал америкалықтар қорғанысты одан бетер күшейтіп, өздері бастаған қауіптің құрбанына өз елдерінің және басқа мемлекеттердің азаматтарын айналдырады. Сонымен бұл кикілжіңнен кім ұтты: 1. Әлемнің арнайы қорғаныс қызметтері; 2. Әскери-өндірістік кешендер; 3. Қорғаныс министрліктері; 4. Қорғаныс жүйесін жасап шығарушылар; 5. Жаһандану мен Америка саясатына қарсы болған саясаткерлер. Кімдер ұтылды: 1. Адам құқығы мен бостандығы; 2. Қоғам; 3. Жазықсыз адамдар», - деді Марғұлан Сейсембай. 

Сонымен қазақстандық саясаттанушылардың ойлары бір жерден шықты. Олардың сөздеріне сүйене отырып Үшінші дүниежүзілік соғыс басталады деп қорқудың керегі жоқ деп кесіп айтуға болады. Десек те қандай жағдай болмасын Қазақстанның шетелдегі жағдайларға құлақ түріп қарап, сақ болуы өте маңызды. 

Негізінен бұл оқиға тек алдағы уақытта басталатын Дональд Трамп импичментінің бетпердесі болған секілді. АҚШ басшысы осылайша ел алдындағы беделін көрсете алды. Америкалық президенттің мықты ойыншы екендігін ескеру шарт. АҚШ-тың Үшінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болуы әлем жұртынан бөлек, америкалықтардың қазіргі биліктегілерге қарсы бағытталуына алып келер еді. Ал алдағы уақытта АҚШ -та президент сайлауы мен Трамптың лауазымының сақтап қалатынын анықтайтын Сенат отырысының жақындауын атап өтсек, республикалықтардың өздерін құртатын әрекетке баруының мүмкін еместігін дәлелдейді. 

Дайындаған Дидар Халық

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның қай аймағында ауа ластануы басым екенін экология министрлігі айтты

Павлодар облысы ауа ластауда алдыңғы қатарға шықты

"Какой у тебя род? Кто твои родственники?". Какие вопросы задают казахи на первом свидании

Павлодарда жолаушы қызды зорлаған көлік жүргізушісі сотталды

Үш жарым жыл жаза кесіп, жәбірленген қызға миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. 

Қытай Қазақстанға өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялауға рұқсат бермеді

Қазақстан Қытайға өз азаматтарын еліне қайтару мүмкіндігін сұрап хат жолдаған болатын.

Алматыда депутатты тонап кетті: Серік Күдебаев полицейдің әрекеті үшін кешірім сұрады

Қазір қылмыс орны бақыланып жатыр

140 мың теңге үшін: Ақтөбе күйеуі әйелін өлтірген қылмыскерлерді өмір бойына сотталуды қалайды

Әйелдің артында күйеуі мен үш баласы қалды

Қазақстанда шетелдік нөмірлі көліктерге сары белгі ілінеді

18 санмен сары түспен көрсетіледі

"Мен сені сүйемін": Бүркіт Аишаны туған күнімен құттықтады

Әнші желіде жүрекжарды жазбасын арнады

Анасы жаңа туған нәрестені кір жуғыш машинаға салып жуып тастады

Әйелдің күйеуі полицияға жүгінді

Доллар қайта қымбаттай бастады

Жұмадан бері доллар 1,62 теңгеге қымбаттады
Çàãðóçêà...