Қазақстанның Аустралиядағы және Филиппиндегі елшілері тағайындалды
Қазақстанның Филиппин мен Аустралиядағы өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;
Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген президент жарлығында.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген