Қазақстанның әскери дәрігерлері Ливандағы жарылыстан зардап шеккендерге жәрдемдесуге аттанды

Қазақстиандық әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

әскери дәрігерлер

Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Кеше ҚР президенті – ҚК бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырды.

7 тамызда мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан құралған 29 медицина маманы мен 4 аудармашы бар топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамыз күні таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшты.

4 тамызда Ливан әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-тан кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмайды.

Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматологтар, нейрохирургтер, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету болып табылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр