Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер қазіргі жағдайды алсақ, онда карантин алты облыстың 25 ауданындағы 48 елдімекенде енгізілген. Демек дәл осы елді мекендерде жоғары патогенді құс тұмауының болғаны зертханалық зерттеулермен расталды.

"Бүгінгі күні Түркістанда, Ақтөбеде, Шымкентте, Жамбыл облысының бір ауданында, Ақмола облысының бір ауданында, Павлодар облысының бір ауданында, сондай-ақ Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының төрт елдімекенінде құс тұмауы расталған жоқ", - деді Гүлмира Исаева ОКҚ брифингінде.

Сондай-ақ ол жақын арада құс етін, ет пен жұмыртқаны әкелуге немесе әкетуге жаңа шектеулер енгізіле ме деген сұраққа жауап берді.

"Бұл құстардың өлімі туралы жаңа ақпараттың жариялануымен байланысты болады. Егер зертханалық зерттеулер жоғары патогенді құс тұмауы вирусының бар екендігін көрсетсе, онда ветеринария қызметі шектеулер енгізіп, карантиндік шараларды жүргізеді", - деді вице-министр.

Барлығы бүгінгі күні 110 мың шаршы метрден астам алаң өңделді. Бұл құстар ұсталған үй-жайлар.

Талқылау