Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанда 28 тамызда ауа райының қолайсыздығына байланысты алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында солтүстік, солтүстік-шығыс, облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Өрт қаупі сақталуда.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, жел күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында – найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Солтүстік Қазақстанда жаңбыр жауып, тұман түседі. Найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Алматы облысында – өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғып, бұршақ жауады.
Жамбыл облысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады