Қазақстанның 17 аймағында теннис корттары салынады
Қазақстанның 17 аймағында теннис корттары салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны қабылдауындай айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың хабарлауынша, президент қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Сондай-ақ Baby tennis, "10 жасқа дейінгі теннис" секілді жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетсек, 14-15 сәуір күндері Астанада алғаш рет Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчы өтеді. Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасы Польша командасына қарсы ойнайды. Бұл кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатына жолдама алады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина осы матчқа қатысу үшін Астанаға келді.
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда