Қазақстанмен шекарада мобилизациялау пункті жұмыс істей бастағаннан кейін ұзын-сонар кезек жойылды
Ресей облысының губернаторы Игорь Бабушкин Telegram арнасында Астрахань облысында Красноярск аймағындағы бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға кіру үшін енді кептелістің жоқ екенін мәлімдеді. Бұған шекара бекетіне мобилизациялау пунктін орналастыру жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Красноярск өлкесінде жоғары дайындық режимін енгізу және әскери комиссариаттың мобилизациялау пунктін орналастыру туралы қабылданған шешімдері өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Қазір шекарадан өтуге ниет білдірушілер саны кеміген", - деп жазды аймақ басшысы.
Оның айтуынша, билік Қазақстан шекарасында арандатушылықтың алдын алған. Губернатор шекара бекетіндегі жағдайды тыныш деп бағалап, ресейлік тараптан көліктер тізбегі болмағанын баса айтты.
“Әскерге шақыруға жарамды ресейліктерге Қазақстанмен шекаралас Астрахань облысындағы мобилизациялық пунктінде шақыру қағазы беріле бастағаны 30 қыркүйекте белгілі болды. Ол жерде әскери есепте тұрған барлық ресейліктер шақырту алған", - дейді билік басшылары.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”