Қазақстанға Жапония премьер-министрі ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото ашық дереккөзден
Ақорданың мәліметінше 9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия мен Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.
Ал 10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Астана келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған еді.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді