Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін әуежайдан қарсы алды
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевті Астана әуежайында қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: akorda.kz
Ақорданың мәліметінше, мәртебелі мейманның құрметіне әуежайға құрметті қарауыл жасақталған.
"Сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізу және бірқатар маңызды құжаттарға қол қою жоспарлануда", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдаған еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған