Тоқаев Конго президентімен француз тілінде сөйлесті (видео)
Конго басшысы Денис Сассу Нгуессомен кездескен мемлекет басшысы өз сөзін француз тілінде бастады. Кездесу барысындағы видео президенттің телерадиокешенінде жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
“Президент мырза, ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қуатты серпін береді. Сіздердің елімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Біз бейресми және ашық жағдайда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық жағдайдың кейбір өзекті мәселелерін талқыладық. Президент мырза, мен екі ел арасындағы қарым-қатынастан үлкен әлеуетті көріп отырмын. Ал біздің үкімет оны жүзеге асыруға күш салады”, – деді Тоқаев.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін жетік меңгерген.
Бұған дейін Конго президенті Тоқаевты өз еліне шақырған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды