Қазақстанда мектептерді ашу ұсынылды
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Артур ван Дизен жаңа оқу жылында Қазақстанға барлық мектептерді ашуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"ЮНИСЕФ жаңа оқу жылында барлық мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес ашуды ұсынады. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші ашылуы керек", - деді Артур ван Дизен.
Оның айтуынша, әлемде пандемия кезінде мектептердің жабылуына байланысты әрбір үшінші мектеп оқушылары немесе 463 миллион бала қашықтан білім алуға қол жеткізе алмаған.
- Маңғыстау облысында мектеп бітіргеніне 50 жыл болған түлектер бас қосты
- Түркістан облысында мектеп түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйлады
"Білім министрлігі осы салдарды оңтайландыру үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігін мойындайды. ЮНИСЕФ Қазақстан оқудағы шығынды анықтау үшін мониторинг жүргізуге кеңес береді. Оның нәтижелері бойынша жеке көзқарас негізінде студенттердің білімін қалпына келтіруге арналған бағдарламалар құрып, тестілеу ұсынылады. ЮНИСЕФ осындай бағдарламаларды жасауға көмектесуге дайын", -дейді ол.
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
Қазақстандық әйел ұлын жапониялық мектепте оқытқаны үшін Жапон үкіметінен жәрдемақы алады
Мадина Мияке: "Балалар мектепте көп ойнайды, оқушыларды оқуға мәжбүрлеп, қыстамайды"