AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға қай мемлекеттердің АЭС салатыны белгілі болды

Қазақстанға АЭС салуы мүмкін 4 елдің аты белгілі болды. "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жәнтікин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстанға алғашқы АЭС салуы мүмкін елдердің тізімін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз о бастан түрлі технологияларды қарадық. Яғни, тек ресейлік "Росатом" ғана емес. Бізде байланыстар, тиісті келісімдер бар, меморандумдарға қол қоямыз. Қытай тарабымен жақсы жоба бар. Олар "Hualong One" деп аталатын 1000 мегаваттық реакторды экспорттап жүр. Оңтүстік Кореяның әзірлеген нұсқалары бар. Біз бұл елдің Korea Hydro & Nuclear Power компаниясымен жұмыс істеп жатырмыз. Олар 1000 және 1400 мегаваттық реакторларды қарастыруға ұсынды. Былтырдан бері Францияның "IDF" (Electricite de France) компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Олардың жаңа жобасы бар, жақсы тексеруден өткен құрылым негізінде Чехияға 1200 МВт реакторды ұсынып отыр. Әрине "Росатом" бар. Бұдан басқа америкалық екі жоба бар. Олардың реакторлары келешекке бағытталған. Яғни қазір әзірленіп жатыр. Жеке атасақ, General Electriс-тің Канадамен келісімі бар. Олар реактор орнайтын алаңды да таңдап қойды. 2028 жылы іске асырылады. Яғни, бізде салынуы ықтимал алғашқы атом стансасына бұл екі жобаны әзірше қарап отырған жоқпыз. Өйткені 2028-2029 жылдардың көкжиегінде тұр", - деді маман.

Оның айтуынша, аталған америкалық технологиялар Қазақстанның энергетика жүйесіне үйлесімді болуы мүмкін.

"Сонда да бұл жобалар Қазақстан үшін келешегі бар жобалар ретінде қаралуда. Өйткені қуаты бойынша бұл реакторлардың біздің энергетикалық жүйемізге жақсы кіріге алады. Қазір энергетика балансындағы атом стансасының үлесі туралы болжам бар. Біз әлеуетті жеткізушілерден генераторлардың техникалық деректерін сұраттық. Осы техникалық деректер бойынша түрлі модельдер сызбаға түседі. Олар біздегі жүйеге қалай кіріге алады, жүйе қаншалықты орнықты болады, энергия қалай таратылады деген мәселелерді қараймыз. Алғашқы стансаның келешегі туралы айтсақ, 4 әлеуетті жеткізуші бар. Олар: ресейлік "РосАтом", қытайлық "CNNC", кореялық "KHNP" және франциялық "IDF", - деді Тимур Жәнтікин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр