Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға 6 млн доза вакцина жеткізуді жоспарлап отырмыз – Цой 

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында елімізге коронавирусқа қарсы 6 млн вакцина дозасы жеткізілгелі отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Вакцина өндірушілермен жүргізілген келіссөзді есепке ала отырып Қазақстанға алғашқы жарты жылдықта Қазақстанға 6 млн доза вакцина жеткізу жоспарланып отыр. Және ол халықтың 64%-ның вакцина алуын қамтамасыз етеді. Вакцинаның бұл көлемі КВИ-ға қарсы екпе алушылардың аясын кеңейтіп, оны алғысы келетіндерге қолжетімді болады. Вакцинаны ұжыммен және жаппай салдырғысы келетіндер үшін көшпелі екпе пункттері жұмыс істейді. Осы орайда облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласының әкімдері халықты уақытша вакцина егу пункттері және бригадаларымен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, вакцинаны сақтауда қажетті құрал-жабдықтардың жеткілікті болуы керек", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында. 

Министрдің сөзіне сенсек, сәуірде елдегі эпиджағдайға байланысты вакцина жеткізу көлемі артады. Атап айтқанда Нұр-Сұлтанда 284 мыңға, Алматы 464 мыңға, Шымкентте 172 мыңға, Алматы облысында 232 мыңға және Қарағанды облысында 217 мыңға дейін екпе жеткізіледі. 

"Биыл 1 ақпаннан бастап халыққа коронавирус індетіне қарсы вакцина егу жұмысы жалғасып келеді. Ал 1 сәуірден бастап вакцина алуға жататын халық санаты ұлғайды. Оның тізімі жергілікті атқарушы органдармен бірге жасалуда. Бүгінгі таңда ел бойынша 194 706 адам екпенің алғашқы және 72 110 адам екінші дозасын салдырды. Нәтижесінде жалпы халықтың 10,3 пайызына екпе салынды", - дейді ол. 

Одан бөлек, еліміздің бас дәрігері індетке қарсы күрестегі инфекциялық стационарлардың жұмысы туралы сөз қозғады. 

"6 сәуірдегі жағдай бойынша КВИ-мен күресте ел аумағында 275 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр және онда 28 730 төсек-жай бар. Бүгінде жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлар 36 пайызды құрап отыр және онда 10 243 пациент бар. Оның ішінде 22 пайыз адам реанимация бөлімінде жатыр. Инфекциялық төсек-жайлардың пациенттермен толығуы көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, БҚО және Алматы облысында байқалады", - деп баяндады Цой. 

Талқылау