Қазақстанға 19 тонна бұзылған киви жеткізілген
Қостанай облысында улы зиянкестерге шалдыққан 19 тонна киви жемісі жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тobolinfo.kz порталына сілтеме жасап.
Бұзылған жемістер Қазақстанға Ираннан жеткізіліпті. Ресей мен Қазақстан шекарасының арасында жүргізілген тексерістің нәтижесінде 19 тонна кивиде тұт зиянкесінің жұмыртқаларын анықталыпты. Жағдайды өз қадағалауларына алған Челябинск қаласының мамандары бұзылған жемістердің анықталғандығын растап отыр.
"Негізі зиянкестің киви жемісінде табылғанына байланысты үрейлернудің қажет жоқ. Себебі ол өнімнің сапасы мен тауарлық белгісіне әсер етпейді. Жәндіктің адам өміріне тигізетін қаупі де жоқ. Бірақ жемісті тұтынар кезде дұрыстап жуған жөн", - деді ресейлік мамандар.
Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін былтырғы жылы 73 тонна бұзылған киви шекарадан өтетін кезде анықталыпты.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған